Меню KDT

«Туған елге тағзым»



     22 қараша күні Қазақ-мектеп гимназиясында Тарих апталығы аясында тарих пәні мұғалімі Нұркенова Ляззат Ғалымқызы  «Туған елге тағзым» атты квест – викторина ойынын өткізді. Бұл іс-шараға 7-10 сынып оқушылары қатысты.  Ойыншылар «АӘБ-Ақылды. Әділ. Білгірлер» командасы; «Зерде» командасы; «Тұлпар» командасы болып бөлінді. Екі турдан құралған шара:1тур –Викторина, Қазақстан тарихына байланысты сұрақтардан тұрды. Командалар белсенділік танытып жақсы ұпайлар жинап, 2тур - Квест ойынына жолдама алды.  Ойынның шарты бойынша еліміздің географиясы – «Эверест» бекеті, флора мен фаунасы – «Эдельвейс» бекеті, ана тілі – «Зерде» бекеті,  халықаралық тіл – «Грамотей К*» бекеттерінде  дайындалған сұрақтар шешуге тиіс болды. Ойын барысында олар осы  4 бекеттерден өтіп, ойын басталған «Ақ Орда» бекетіне  қайтып оралуы керек еді. 9ә сыныбымен дайындалған бұл іс-шара оқушылардың ойынан шықты. 353 ұпай жинап «Зерде» командасы топ жарып 1 орынға, 289 ұпай «АӘБ» командасы 2 орын;  255 ұпай «Тұлпар» командасы 3 орынға ие болды. Оқушылар еліміздің тарихын жақсы білетінін көрсете білді. Өте ұнады деген пікірлер айтылды. Іс-шара оқушылардың ойынан шықты деген ойдамыз.

  
  
  


Комментариев нет
Просмотров: 592
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.11.2018 в 17:20