Меню KDT

«ЭКОCHALLENGE!» байқауы

«ЭКОCHALLENGE!» байқауы












24 қараша күні мектебімізде «ЭкоChallenge» конкурсы аясында «Vпереработку» акциясы болып өтті.  Мектебіміз 1 тоннадан астам қайта өңделетін шикізат жинады. Конкурс нәтижесі бойынша 1 орын 6 «Г» сыныбы (196 кг), 2 орын 5 «М» (178 кг), 3 орын 4 «В» (130 кг), 4 орын 3 «И» және 7 «Е» (106 кг) сыныптары алға суырылып шығып, «Клин Сити» фирмасы мен №27 МЛ әкімшілігі тарапынан ұсынылған ынталандыру сыйлықтары – 1 жәшік алмаға ие болды. Акция флешмоб және 5-7 сыныптар арасында өткен экоквест ойынымен жалғасты. Оқушылар «Экологтар» және «Био» тобы болып бөлініп, түрлі кедергілерден өтті. Сайыста мектеп ұланбасы Рахметов Ильяс бастаған өзін-өзі басқару ұйымы әділ қазылық етті. Қорытындылай келе, «Экологтар» тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 726
Автор: 27mektep
Сайт: www.27.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.11.2018 в 11:09