"Мақал сөздің шебері"
2018 жылдың 26 қараша күні "Ленин орта мектебі"КММ бастауыш сыныптар және орта буын арсында "Мақал сөздің шебері" атты сайысы өтті.
2018 жылдың 26 қараша күні Ленин орта мектебінде бастауыш сыныптар және орта буын арасында қазақ мектебінінің ішінде "Мақал сөздің шебері " атты танымдық сайыс өтіп кетті. Бұл сайысты ұйымдастырған жас маман қазақ тілі пәні мұғалімі - Жүсіпбек Нұрсұлтан Рамазанұлы. Бұл танымдық әсіресе халық ауыз әдебиетінің бір түріне жататын мақал- мәтелдер сайысын ұйымдастыру өте қажет екені туралы айтып кетсек.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту және мақал- мәтел мағынасын терең ұғыну еді.
Осы сайысқа 4 сынып оқушысы Акижанов Ансар, Базарбай Нұрай, 5 сынып оқушылары Сембаева Аяжан, Каиркен Нұртілеу, 6 сынып оқушылары Ермек Ақбота, Сулейменова Мадина сияқты оқушылар қатысты.Нұрсұлтан Рамазанұлы басында " Мен сендерге осы сайыста , бар ойларынызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін" деп сәттілік айтып, жоспармен таныстырып өтеді.
Бірінші кезең- Таныстыру.Оқушы өзінің атын айтып, қай сынып оқушысы екенін, қай сабақты сүйіп оқитыны туралы айтып кету керек еді. ойының мақсаты "Мақал - сөздің мәйегі" демекші , құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізге мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн
Екінші кезең- Кім жүйрік . Әр оқушы бір минут ішінде қанша мақал-мәтел айтып үлгеретіні туралы. Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша , құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабаларымыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған.
Үшінші кезең- Шеберлік сыны, Әр оқушы мақалды жалғастыру керек.
Төртінші кезең- Ұтқыр ой . Оқушы кез келген мақалды алып, мағынасын түсіндіру керек.
Осылай сайысымызда оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, сайысты аяқтады.Әділқазылар ұпаларды санап, мынадай қортындыға келді. "Бас жүлде" иегері Сембаева Аяжан 5 сынып оқушысы. 1 - орын Базарбай Нұрай 4 сынып оқушысы. 2 - орын Акижанов Ансар 4 сынып оқушысы, 3- орын Ермек Ақбота.
Барлық осы айтып кетен оқушыларға шағын сйлықтар таратылды.
Әділқазы Кенже Жалмұқанқызы алдағы уақыттта осындай мақал -мәтелдерді көбірек біліндер, мағынасын түсінетін болындар, бұл ата- бабаларымыздан дан қалған әдеби мұра , сендер мұны ұмытпайтын болындар деп ақыл айтты.