Меню KDT

№38 мектеп-лицейінде «Арайлы алтын күз-2018» мерекелік іс – шарас өтті.

№38 мектеп-лицейінде «Арайлы алтын күз-2018» мерекелік  іс – шарас өтті.       


№38 мектеп-лицейінде «Арайлы алтын күз-2018» мерекелік  іс – шарас өтті. Шара барысына мектептің барлық оқушылары ат салысты. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларына  «Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.  23 қазан күні «Кел жемісті, Алтын күз!» тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында жемістен мүсіндер байқауы болды. Байқау барысында әр сынып оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерінің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді.

       24 қазан күні мектептің I қабат фойесінде 6-7 сыныптардың арасында «Арайлы Алтын күз» тақырыбында икебана, гүлдер шеруі сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар табиғи материалдардан гүлдер, әр түрлі композициялық бұйымдар жасады.  
  

25 қазан күні 9-10-11 сыныптар арасында “Autumn Party” мерекелік кеші өтті. Кеш аясында оқушылар таныстыру, күз дефилесі, флешмоб сайыстары арқылы күз ханшайымы мен ханзадасын таңдап алып, оларға өздеріне тиесілі тәждерін кигізді.       
     
 

Теги:  38 мектеп-лицей, алтын куз, арайлы алтын куз, мектеп

Комментариев нет
Просмотров: 505
Автор: 38mektep
Сайт: www.38.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.10.2018 в 20:30