Меню KDT

Халықаралық қыздар күніне арналған колледжішілік онкүндік өткізілді

4-13 қазан аралығында Астана қаласының «Көпбейінді колледжі» МКҚК Халықаралық қыздар күніне арналған колледжішілік онкүндік өткізілді.


       4-13 қазан аралығында Астана қаласының «Көпбейінді колледжі» МКҚК Халықаралық қыздар күніне арналған колледжішілік онкүндік өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: қыз балаларымыздың қоғамдағы белсенді орнын жанықтай отырып, құқықтарының бұзылмауына жол бермеу және алдын алу.
       Іс-шара барысында қыздармен куратор сағаттары, психологиялық тренинг, пікірталас, кітаптар көрмесі, гинеколог дәрігермен кездесу, сауалнама өткізілді.
       Мектеп медбикесі Бозбаева К.Т. гинеколог дәрігерді шақыртып, колледж қыздарына жүктіліктің алдын алу тақырыбына «Сенің тағдырың - сенің таңдауың» атты дәріс оқыды, олардың сұрақтарына жауап берді. Тарих пәнінің оқытушылары Г.К.Усманова, А.Б. Хасенова бірінші курс қыздарымен  «Заңды білу- заман талабы» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Қыз балаларымызды әдептен озбай, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, бүгінгі таңда бойжеткендердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер туралы өз ойларын ортаға салды. Әлеуметтік педагог Г.Е.Ахметова № 3 емхананың әлеуметтік - психолог қызметімен бірлесіп, «Әйел адам- ұлтың келешегі» атты семинар өткізді. Психолог М.П.Сералиева трениниг, сауалнама жүргізді. Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша колледж қыздарының құқығын бұзатын, оларды теріс іс-әрекеттері байқалмады, әрі анықталмады.
    


Комментариев нет
Просмотров: 545
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.10.2018 в 16:03