Меню KDT

оқушылары ұстаздарды ұлықтап, олардың төл мерекесін өз дәрежесінде тойлады

№71 мектеп-лицей оқушылары ұстаздарды ұлықтап, олардың төл мерекесін өз дәрежесінде тойлады


     Ұстаз – ұлылардың анасы, ақыл мен білімді бойына терең сіңірген біздің ақылшымыз және ұлтымыздың болашағы. Осы орайда №71 мектеп-лицей оқушылары ұстаздарды ұлықтап, олардың төл мерекесін өз дәрежесінде тойлады. Мұғалімдерді күтіп алудан басталған күн оқушылардың өзін-өзі басқаруымен жалғасып, оқушылар дайындаған мерекелік бағдарламамен қорытындыланды. 
     "Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік" атты концертте мектеп директоры Аубакирова Шынара Айдарxанқызы ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, алғыс xаттармен марапаттады. Оқушылар өз кезегінде мерекелік көңіл-күй сыйлап, мектебімізде саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып жүрген 148 ұстазға табыс пен шығармашылық шабыт тіледі. 












Комментариев нет
Просмотров: 596
Автор: 71mektep
Сайт: www.71.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.10.2018 в 10:28