Меню KDT

Қыздар мерекесі


       Мейрам болған қандай керемет! Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында кезекті қыздар күніне арналған мейрамымызды атап өттік. Аналар кеңесінің төрағасы Б.М. Киялбаева мен 10 а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болған керемет тәрбиелік іс-шара есте қалары анық. Жоғары деңгейде дайындаған  көркем-әдеби композициялары, атап айтсақ, «Ана жүрегі» әні, билері, өлеңдері, домбырамен орындалған күйі, жігіттердің орындауындағы хор – бәрі шақырылған қонақтар мен көрермендердің қуанышына бөленді. Қыздар қауымына көптеген жылы сөздер айтылды. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

        

        


Комментариев нет
Просмотров: 183
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.10.2018 в 16:59