Меню KDT

"Күз аруы-2018"

"Күз аруы-2018" сайысы


Қазан айының 12-ші жұлдызында Қайрат орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында мектеп тәлімгері А.Е.Магубаеваның ұйымдастыруымен "Күз аруы-2018" сайысы өткізілді. Сайыс 7-бөлімнен тұрды: таныстыру, қолөнер, жарнама жасау, өнер көрсету, күзгі салат дайындау, сән үлгісі, қоштасу. Сайыс қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары Омар Балбөбек ІІІ-орынға, Жанат Зарина-ІІ орынға ие болды. 9-сынып оқушылары Амантай Гүлшат І-орынға ие болса, бас жүлдеге және "Күз аруы-2018" атағына Жүмабай Үміт ие болды. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс соңында қатысушыларымызға мақтау қағазымен және сыйлықтар табысталды. Сайыстан кейін 8-11 сынып оқушыларына би кеші ұйымдастырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 700
Автор: b1217skobilim
Сайт: www.b1217.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.10.2018 в 10:08