ҰЛ ТƏРБИЕСІ - ҰЛТ БАҒДАРЫ!
81 "Astana English school " мамандандырылған гимназиясында 5-11 сынып ұлдарына тәрбиелік жиын өтті
⠀ Бүгін 81 "Astana English school " мамандандырылған гимназиясында 5-11 сынып ұлдарына "Егемен елдің ертеңімін" тақырыбын арқау еткен тәрбиелік жиын өтті. Жиналысқа мектеп директоры Гүлнар Дінғуатқызының басшылығымен барша мектеп ұжымы атсалысты. Аталмыш жиында "Мен таңдаған орта" тақырыбы да қозғалды.
⠀"Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол» деген дана xалқымыздың өсиеті бүгінгі күні де актуалдығын жоғалтпаған.
Ұлым жақсы болсын деген мақсатта ата-бабамыз бала ер жетіп, ат тізгінін қолына алғанда адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адамдармен көрші болып, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-келіс жасаған. Бұл үрдіс өз кезегінде баланың арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болуына мүмкіндік жасайды. Мектеп әкімшілігінің атынан оқушыларымызға дәл осындай жағдай жасалып жатқанын зор сеніммен айта аламыз.