Меню KDT

«Жас ұлан» ұйымының көшбасшысын тағайындау сайлауы


    2018 жылдың 20 қыркүйек  күні  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында  мектеп президенті мен «Жас ұлан» ұйымының көшбасшысын сайлауы өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.С.Кемельбаева іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, құттықтау сөзін жеткізді. Сайлауға 8-11 сыныптар  аралығындағы көшбасшылар қатысты. Үміткерлер өздерінің бағдарламалары мен бағыттарын көрсетті. Жоғары сынып оқушылары іс-шараға дайындылықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Мектеп көшбасшысына деген талас-тартыс қыза түсті. Дауысқа салғанда ең көп дауысты жинаған мектеп президенті атағына ие болған –
11 А сынып түлегі  Нурлашев Жанибек болса, ал орынбасары ретінде Ковалдина Александра болып бекітілді. Осындай талас-тартыс аналитиктер, медиаторлар және заң шығарушылар арасында да болды. Көшбасшылар мектепте өзін-өзі басқаруүшін  жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті.


       

       


Комментариев нет
Просмотров: 226
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.09.2018 в 11:18