Қалалық сенбілік
22 қыркүйек күні №38 мектеп-лицейінде ерекше қалалық сенбілік өтті
Бүгін, яғни 22 қыркүйек күні Астана қаласының №38 мектеп-лицей оқушылары, ата-аналары мен мектеп ұжымы бірлескен ерекше форматтағы қалалық сенбілік болып өтті. Мектеп -лицей ауласын тазартуға ерекше көңіл күймен жұмысқа кіріскен үш одақтың еңбегінің арқасында әп сәтте айналамыз тазаланып қалды. Биылғы ерекше ұйымдастырылған сенбілікте сонымен қатар мектеп-лицей маңайындағы таза емес аулалардың тұрғындарына мектеп оқушылары барып, ауласын таза ұстау мақсатында үндеухаттар үлестірілді. Осы арқылы №38 мектеп-оқушылары қала халқын тазалық марафонында өз қаласы мен ауласын таза ұстауға шақырды. 





.jpg)
Теги:
38мектеп
Комментариев нет
Просмотров: 652