5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ретінде ұсынылған «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.
2018 жылдың 22 қыркүйегінде «Парасат» мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Ресбуликасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша және Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе дайындалған, 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ретінде ұсынылған «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.
2018 жылдың 22 қыркүйегінде «Парасат» мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Ресбуликасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша және Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе дайындалған, 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ретінде ұсынылған «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференция барысында:
- Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері.
- Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі.
- Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
- Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
- Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
- Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
- Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу.
- Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ? – деген проблемалар қарастырылды. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жасалған бейнероликтер де қамтылған.

