Меню KDT

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар

«Менің тілім – ұлы дала рухы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің ашылу салтанаты өтті


2018 жылдың 17 қыркүйегі күні «Менің тілім – ұлы дала рухы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Оған мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, сынып жетекшілері қатысты. Іс-шара барысында 5,6,7-сынып оқушылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Мақатаевтың тіл туралы өлеңдерін жатқа оқыды.



2018 жылғы 17 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Әсемова Рауан Сәметқызы 11- сыныптармен Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді жан-жақты ізденіп, дөңгелек үстелде өз ойларын ортаға салды.




Комментариев нет
Просмотров: 434
Автор: 15mektep
Сайт: www.15.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.09.2018 в 19:03