Меню KDT

Өрттің алдын алуға байланысты оқу -жаттығу жұмыстары

Өрттің алдын алуға байланысты оқушыларға үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді


Бүгін №81 "Astana English school" мамандандырылған гимназиясында өрттің алдын алуға байланысты оқу -жаттығу жұмыстары болып өтті. Оқушыларға үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді. Өрт дабылы іске қосылғанда, оқытушылар құрамы балаларды эвакуациялауды ұйымдастырып, содан кейін мектеп жанындағы сахна алаңында барлық оқушыларға санақ жүргізілді. Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Мансуров Ерлан өрттің алдын алу шараларын және төтенше жағдай кезіндегі қорғану әрекеттерін түсіндірді. Өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жоспарлы түрде өтетін шаралардың бірі. Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын ескерген абзал.


Комментариев нет
Просмотров: 452
Автор: 81mektep
Сайт: www.81.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.09.2018 в 16:06