Меню KDT

«Отбасының берекесі – имандылықтан басталады» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

2018 жылы 7 қыркүйек күні Астана қаласы №68 орта мектебінде «Қызғалдақ» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Отбасының берекесі – имандылықтан басталады» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.


2018 жылы 7 қыркүйек күні Астана қаласы №68 орта мектебінде «Қызғалдақ» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Отбасының берекесі – имандылықтан басталады» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Отбасы тәрбиесі бала тәрбиелеудің негізгі іргетасы саналатындықтан, мағыналы тәрбиелік кешке келген ата-аналар мен оқушылар ой-пікірлерімен бөлісті. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгісінің иегері, ардагер ұстаз, өзін-өзі тану пәніннің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы кеш соңында «Ел болам десең, бесігіңді түзе!»,- деген Мұхтар Әуезовтың ұлағатты сөзімен қорытындылады. 



Комментариев нет
Просмотров: 633
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.09.2018 в 10:14