Меню KDT

Республикалық ата-аналар конференциясы

8 қыркүйек - «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Республикалық ата-аналар конферениясы өтті.


«XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың отбасының бүтіндігі мен отбасылық құндылықтарды жетілдіру саясатын ұстана отырып, 2018 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің №38 мектеп-лицейінде «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін біріңғай республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

Шара барысында мектеп директоры Кәмила Кәрімбердіқызы конференцияның маңыздылығын атап өтті. Психологтар ата-аналарға тренинг өткізді. Ең алдымен бірінші сынып оқушысының эмоционалдық жай-күйінің психологиялық аспектілерін таныстырды және өзіне деген сенімділікті арттырумен  қатар  үйренбеген жағдайға бейімделуге бағытталған бірнеше арнайы жаттығулар көрсетті.


Теги:  конференция, ата-аналар, 38 мектеп-лицей

Комментариев нет
Просмотров: 562
Автор: 38mektep
Сайт: www.38.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.09.2018 в 14:19