Меню KDT

Оқушылар сарайына саяхат

11.06.2016ж. «Балауса» лагерь қатысушылары Оқушылар сарайына саяхатқа аттанды. Арнайы көлікте ән салып, ұрандата аттанған топ әу бастан көңілді ортаға бейім еді. Ал, Оқушылар сарайы өз кезегінде балалар үшін ерекше қызықты бағдарлама әзірлеп, демалушыларды жылы қарсы алды. Балалар театрландырылған ертегіге қатысып, өздері де кейіпкерлермен бірге ойнап-күліп, сергіп алғаннан кейін көңілді би кешіне аттанды. Би алаңынан әр түрлі жанрлы би билеуден сайысқа түсіп, мың бұрала билеп, заманауи әндерді шырқаудан алдына жан салмаған балақайлар, көңілді шықты. Әрі қарай оларды аспан әлеміне саяхат күтіп тұрған еді. Бұл планетаррий балаларға күн жүйесі мен аспан құпияларын, ғарыш әлемі ерекшеліктерін таныстырып, қызықты ақпарат берді.

Комментариев нет
Просмотров: 458
Автор: 84mektep
Сайт: www.84.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.06.2018 в 11:29