Меню KDT

#ҰБТ2018: Жоғары балды алматылық түлек жинады.


Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшкүндік нәтижесі бойынша жоғары 139 балды алматылық түлек жинады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты

«Алматылық түлек Дәулет Хамзин ҰБТ-дан жоғары 139 балды жинады. Ол емтиханды Нархоз университетінде тапсырған. Әлі ешкім ең жоғары 140 балды алған жоқ. Түлектер әлі 5 күн ҰБТ тапсырады. Біз қазақстандық оқушылар 140 балл алады деп үміттеніп отырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, үш күннің қорытындысына сәйкес, 8 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыра алмаған.

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 501
Автор: b0533skobilim
Сайт: www.b0533.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.06.2018 в 10:59