Меню KDT

Ұлттық мектеп лигасының 2001-2003 жылғы ұлдар арасындағы гандболдан «Ұшқыр доп» жарысы


Петропавл қаласында А.Винокуров атындағы сарайда 17-24 маусым аралығында Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы аясында 2001-2003 жылғы ұлдар арасындағы гандболдан «Ұшқыр доп» жарысы өтуде. Жарысқа еліміздің өңірлерінен 5  команда қатысуда.


Олар:
1. Қарағанды облысы;
2. Маңғыстау облысы;
3. Қызылорда қаласы;
4. Солтүстік Қазақстан облысы;
5. Қызылжар ауданы СҚО.

Жарыстың ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облысы өңірлік дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлығы оқу-әдістемелік орталығының директоры Садуақас Қанат Бақытжанұлы, спорт ардагері Тасеменов Ж.С., жарыстың бас төрешісі Третьяков Александр қатысты. Ашылу салтанатынан соң өткен ойында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы №43 орта мектебінің командасы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №12 мектебінің командасын 17-14 ұпайымен ұтты. Жарыстар әрі жалғасуда.














Комментариев нет
Просмотров: 1048
Автор: s141skotoursport
Сайт: www.s141.sko.agartu.kz
Добавлено: 20.06.2018 в 09:57