Меню KDT

Әр оқушы – бір-бір дарын иесі


       Ақылы кемел, зерек балалар – мем­лекеттің ең үлкен байлығы. ХХІ ғасыр – білім мен ғылым, ақпарат пен тех­нологияның ғасыры. Соған төтеп беретін, өз­ге елдерге өзіңді сыйлататын, өз құдіре­тіңді мойындататын рух пен алапат күш-жі­гер қажет. Елбасының қазақстандық білім беру жүйесіне қойып отырған талап-тілегі де – осы сапалы әрі өркениетті білім. Президент жыл сайынғы Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық  дамуының негізі» екендігін үнемі айтып келеді.

       Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін іске асыратын тұлға  – дарынды балалар. Дарынды балалар елі­міздің интеллектуалдық элитасын қалыптасты-ратын ұлттық құндылық болып сана­лады.  Баланың дарынды бо­лып дүниеге келуі, оның қабілетін анық­тау, талантын жүре дамыта алуы – әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі.Осы ретте  ойы ұшқыр, мінезі салмақты, әрқашан жайдары жүретін дарынды оқушымның бірі Балғабай Мухаммаддинді айта аламын.Бос уақытында Юсимас менталды арифметика, шахмат, бассейн, робототехника, сурет үйірмелеріне барады. Иордания ІХ ұлттық ашық жарысында І орынды иеленіп, мектеп мәртебесін асқақтатты. Амман қаласынан оралған соң, қызықты жайттармен  бөлісіп, сыныптағы барлық достарына базарлығын таратып, ортамызды қуанышқа бөледі. «Кенгуру-математика», «Ақбота» интеллектуалдық марафоны , мектепішілік математикалық олимпиадалары  мен қашықтық олимпиадаларының жүлдегері.

      Екінші дүркін  әлем чемпионы Эмануил Ласкерге арналған шахмат турнирінің жүлдегері. «Біздің мақтаныштарымыз» атты Республикалық дарынды үздік оқушылар энциклопедиясына енді. Биылғы жылы «жыл оқушысы-2018»  атанды.


«Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Жас кезінде білім берсең қалайда,

Өсе келе қолы жетер талайға» – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Мухаммаддиннің бала кезден осындай жетістікке жетуіне ықпал еткен ата-анасына жақсылықтар тілеймін.

Сынып жетекшісі: Нұрғалиева Құралай Саркенқызы.


Комментариев нет
Просмотров: 627
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2018 в 15:10