Петропавл қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына орай «Қолдайық ауыл мектебін» республикалық әлеуметтік акциясын өткізді
28.05.2018 жылы Петропавл қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына орай «Қолдайық ауыл мектебін» республикалық әлеуметтік акциясын өткізді. Акция нәтижесінде мектебімізге 350-ден астам оқулық пен көркем-әдеби кітаптар, түрлі бағыттағы әдістемелік құралдар, «Рухани жаңғыру» бұрышын, спорттық құралдар, 3D принтері мен 100 гүл сыйға тартты. Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздық қызметте жүрген Тауағаш ауылының тумалары: Е.А.Алибеков, Л.З.Рахметова, К.А.Елеусизова, Б.Ж.Атаманова, А.С. Рамазанова лазерлік принтер, мектебіміздің бұрынғы шәкірті Қайыр Әлихан 10 дана шахмат тақтасын, Мәкіш Әсем волейбол добын сыйлады.
Дайындаған: МДТІЖО Аргимбаева А.Е.







