Меню KDT

15.05.2018 күні «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тиімді әдіс – тәсілдер арқылы оқыту – жетістік көзі» тақырыбында облыстық деңгейде 1 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізілді.



Сабақтың тақырыбы:
«Спорт – денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер.»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 0.3.10.1 Заттың атын,санын сынын,қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.

Сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдер қолданылды, балалар өз қызығушылықтарын танытып, сабақтан жақсы әсер алды. «Не істедің?» ойыны арқылы балалар заттың қимылын білдіретін сөздерді доп лақтыру арқылы атап, үш тілге аударды. Қазақстанның спортшыларына қатысты видео тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті. Бүкіл сабақ бойы оқушылар бірін-бірі бағалап отырды. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындады.  Сабақты «Аяқ допшы»  әнімен аяқтадық. Жалпы сабақ көңілімнен шықты.

Сынып жетекшісі: Рустемова Назира Сагитовна

 









Комментариев нет
Просмотров: 949
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.05.2018 в 14:15