«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»
3 мамыр күні Семей қаласында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына мектебіміздің аға тәлімгері Ибраева Айнагуль Маратқызы қатысып, жүлделі орынмен оралды.
Бұл олимпиаданың мақсаты аға тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру, тәрбие қызметінде және мектепті басқару жүйесіндегі орнын анықтау. Аға тәлімгердің кәсіби имиджін қалыптастыру; республикадағы тиімді жұмыс жасап жүрген аға тәлімгерлерді анықтау; білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқару органдары, ата-аналар қоғамдастығы арасындағы іскерлік әрекеттестік мәдениетін жоғарылату қатысушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; аға тәлімгерлердің жағымды, озық тәжірибелерін кеңінен тарату міндеттері көзделді.
1 тапсырма бойынша өзін-өзі таныстыру «Мен балалық шақтың штурманымын» және екінші тапсырманы орындау барысында ұсынылған үш тақырыптың ішінен тек біреуін таңдап, өз шығармашылықтарын көрсетті.


Комментариев нет
Просмотров: 897