Меню KDT

«АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер ұйымының «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта өткізген қалалық іс-шара


       Білім ордасындағы «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымының жоспарына сәйкес, мамыр айының 11-і күні ұйым жетекшісінің ұйымдастыруымен қала мектептері арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта викториналық байқау өткізілді.
        Байқауға қала мектептерінен 4 команда қатысты. Олар: 2 мектеп -гимназиясы «Болашақ» командасы, 3 мектеп -гимназиясы «Бірлік» командасы, 35 мектеп-лицейі «Сенім» командасы және 65 мектеп-гимназиясы «Алаш ұрпақтары» командалары қатысты.
        Байқау 4 кезең бойынша өтілді. Командалардың дайындығы жақсы болды, оқушылар әр кезеңде өз білімдерін, алғырлығын көрсете білді.
 Қонақтар, әділ-қазылар алқасы және байқауға қатысқан командалар мен мектеп оқушылары
           Нәтижесінде әділ -қазылардың шешімі бойынша - 65- мектеп-гимназиясының «Алаш ұрпақтары» 1-орын, 3 мектеп -гимназиясы «Бірлік» командасы 2-орын, 2 мектеп -гимназиясы «Болашақ» командасы -3 орын,
35 мектеп-лицейі «Сенім» командасы-3 орынға ие болып Дипломмен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 112
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.05.2018 в 00:00