Біз таза елорданы қолдаймыз
21.04.2018ж. «Астана – таза әрі қауіпсіз қала» акциясы барысында «Біз таза елорданы қолдаймыз» ұранымен жалпықалалық сенбілікке мұғалімдер мен 1-11 сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, қала тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Бастауыш сынып оқушылары сыныптарды жуып тазаласа, 6-11 сынып оқушылары мектеп ауласын қоқыс пен қураған шөп-шаламнан тазартып, сыпырып жинастырды.
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі күрек, тырма, қоқыс салатын қапшық сияқты құралдармен қамтамасыз етті. Мектеп ауласын көркемдету бойынша жұмыстар 22мамырға дейін жалғасын табады.


Комментариев нет
Просмотров: 330