Меню KDT

Жалпы қалалық сенбілік

             21-сәуір күні жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары 5-11 сыныптар толықтай жұмылдырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы оқушыларды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау қажет екенін айтты. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


               21-сәуір күні жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары 5-11 сыныптар толықтай жұмылдырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы оқушыларды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау қажет екенін айтты. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етуді директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары  Мухаметжанова Несіп Бопайқызы ұйымдастырды. Барлығы 100 мұғалім мен 800  оқушы қатысты. «Жас ұлан» ұйымының «Эко әлем» бағыты бойынша 7-сынып оқушылары Көктал кентіндегі ата-әжелерге көмек көрсетті.  Сынып жетекшілері мен мектеп ұжымы түгелдей атсалысты.

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 404
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.04.2018 в 00:00