Меню KDT

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

2018 жылдың 12 сәуір күні мектебімізде Төтенше жағдай орын ала қалған кезде оқушылар мен мұғалімдердің мектеп ғимаратынан эвакуация жасауды


2018 жылдың 12 сәуір күні мектебімізде Төтенше жағдай орын ала қалған кезде оқушылар мен мұғалімдердің мектеп ғимаратынан эвакуация жасауды қаматамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу жиыны болып өтті. Шара барасында төтенше оқиға болған жағдайдағы азаматтарға қорғану шарттарын түсіндіру, жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Арнайы стенд әзірленіп, эвакуация жоспары, өрт сөндіру звенолары, жауапты тұлғалар бекітілді. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, директордың міндетін атқарушы Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне қандай жағдай болмасын адам өз-өзін қорғай білу керектігін айтты. Азаматтық қорғаныс штабы басшысының орынбасары Абилдаев Ерғали Советбекұлының мәлімдеуінше дабыл қағысымен 5 минут ішінде таңертеңгілік ауысымда 1045 оқушы, 48 қызметкер, ІІ ауысымда 3-7 сынып арасында 806 оқушы, 52 қызметкер дер кезінде сыртқа шығып үлгерді. Нақтырақ айтсақ, екі ауысымдағы оқушылар мен мұғалімдер ұйымшылдық пен жауапкершілікті сезіне білді.
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 787
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.04.2018 в 00:00