Қала мектептерінің арасында көркемөнерпаздар сайысы өтті.
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қала мектептерінің арасында көркемөнерпаздар сайысы өтті.
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қала мектептерінің арасында көркемөнерпаздар сайысы өтті.
Г.С. Жарменова басшылық ететін 80 мектеп-гимназия ұжымы жоғары дәрежеде өз үлесін қосты.
31.03.18 күні конкурсымыз №81 мектепте басталды. Біздің ұжым Астананың 20-жылдық мерейтойына сөзі мен әні Б.Бейсеновтың “Астана ” әнін хормен орындады. Вокальдық топ “Арыс жағасында ” әнін орындады. Фольклорлық ансамбль А.Затаевичтың “Казахский марш” орындады.
География пәнінің мұғалімі Мейрамгул Темирсерикқызының “Тарбағатай ” әні көрермендер мен қазылар алқасына ұнап, мақтау қағазымен марапатталды.
Көркем сөз оқып Ж.Көбейде мақтау қағазымен марапатталды.
Ұжымның бишілер тобы “ Халықтар достығы ” биін билеп, әртүрлі ұлттардың көп ғасырлық достығын көрсетті. Бишілер ұжымы да мақтау қағаздарымен марапатталды.

