Меню KDT

Озық ойлы оқушы

            Мектебіміздің 4 «Б» сынып оқушысы Сембаева Мөлдір Талғатқызын сыныптың озық ойлы оқушысы деп атауға болады. Ол ақпан айында «Астана дарыны» ӨҒП орталығы мен №9 «Зерде» мектебі бірігіп өткізген «Зерделі тұлға» математика логика сайысының І және ІІ кезеңінде І дәрежелі диплом алса, «Зерделі тұлға» олимпиадасының ақырғы үшінші кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

        17 наурызда Астана қаласы білім беру мекемелерінің 4-5 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен өткен  «Жас эрудит» олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен және (15 % жеңілдік) қола медальмен марапатталды. Математика пәнінен сынып жетекшісі Құлманова Ләззат Жамашқызы дайындаса, ағылшын тілі пәнінен Жұмакенова Сабина Жанайдарқызы сабақ берді. Сынып жетекшісі: "оқушым алдағы уақытта  тек биіктерден көріне берсін" деген тілегін айтты.

Комментариев нет
Просмотров: 583
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.04.2018 в 00:00