Меню KDT

Қош келдің, әз Наурыз!



            Бәріміздің асыға күткен Наурыз мерекесі де  келіп жетті. Осы мереке бүгінгі күні қазақ мектеп-гимназиясында да тойланды. Жаңа күн саналатын Наурыз күні - күн мен түн теңелетін, қыстың соңы, көктемнің басы, жыл құстары келіп,  Самарқанның көк тасы жібитін күн. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Мереке басы тұрмыс-салт жырларының бір түрі жарапазан айтудан бастау алды.  Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушысы, береке-молшылық тәңірісі, түркілік дүниетаным нысаны ретінде аса зор маңызға ие Ұмай ана батасымен, аластауымен концертіміз өз жалғасын тапты. Көктемгі күн мен түннің теңелуі ретінде танылған Наурыз мерекесін тойлауға ата-аналар мен ұстаздар, оқушылар қатысып, өнер сүйер мектеп оқушылары белсене ат салысты. Концерт өте тартымды, жақсы өтті. Халқымызға, әрбір отбасына Наурыз мерекесі толағай табыстар мен жақсылықтар әкелсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 573
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 20.03.2018 в 00:00