" Армысың , Əз - Наурыз "
Ұлыстың Ұлы күні 22 Наурыз мейрамының қарасаңына орай мектебімізде көптеген шаралар өтілуде.
Ұлыстың Ұлы күні 22 Наурыз мейрамының қарасаңына орай мектебімізде көптеген шаралар өтілуде. Солардың бірі Нұртөлеу Мəдина Ғалымқызы мен Нагуманова Гүлзат Қажымұратовнаның басшылығымен 5 - сыныптар арасында " Армысың , Əз - Наурыз " атты тақырыбында xалқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптейтін ертегілер сайысы өтті.
Бұл сайыстың мақсаты :
Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойына дарыту, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
болатын. Сайысқа барлық 5 - сынып оқушылары белесене ат салысып , шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай,қазақ ұлттық киім үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Барлық қатысушылар Алғыс xатпен марапатталды.