Меню KDT

"НАУРЫЗ - КӨКТЕМ, НАУРЫЗ - ЖЫР, НАУРЫЗ - ДУМАН" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Бүгін 2018 жылдың 16 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурыз - көктем


Бүгін 2018 жылдың 16 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурыз - көктем, наурыз - жыр, наурыз - думан!" атты мерекелік концерт болып өтті. «Береке күні» - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу. Халық «Берке мен бірлік бар жерде жетістік болады» деп айтады. Берекенің бастауы болған бұл шараға мектебіміздің оқушылары, ұстаздары, ата-аналары және өзінен кейінгі ұстаздарға үлгі көрсеткен ардагер ұстаздарымыз қатысты. 
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақытты тілеймін
Бүкіл қазақ еліне - деп басталған бұл шарада мектеп оқушылары қазақтың ұлттық құндылығын дәріптейтін домбыра, жетіген сынды аспаптарында күй ойнап көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 678
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.03.2018 в 00:00