Меню KDT

«1 наурыз - Алғыс айту күні»


 

Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні – Алғыс айту күні. Мектебімізде осы мерекеге орайластырып «Жастығын жалын шарпыған» атты  салтанатты шара өтті.

Мектеп ұстаздары мен оқушылары – осыдан 29 жыл бұрын Кеңес әскері ауған жеріндегі ұрыста Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеп, ауыр сынақты бастан кешкен ардагерлермен кездесті. Шараның негізгі мақсаты өз Отанына шексіз берілген, потриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, ауған  соғысында опат болған  боздақтар рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу, алғыс айту.

Салтанатты шара барысында мектеп директоры Айтжан Ермұханқызы сөз алып: «Тә­уелсіз мемле­ке­тіміздің ұлт­­тық идея­сы­на ай­налып отыр­­ған “Мәңгілік Ел” болу үшін жас ұрпақты отан­сүйгіш­тікке, ұлтжандылыққа тәр­бие­­леудің маңызы ерекше. Бұл бағытта сіздердің атқа­ратын істеріңіз өте зор деп білеміз. Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі. Сондықтан да,  ерліктеріңізді ұрпаққа үлгі ете отырып, сіздерге  алғыс айтамыз» - деді.   

 Сондай-ақ, Ауған соғысы ардагерлеріне сыйлықтар мен «Алғыс хат» берілді, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Ардагер ағалар мектеп ұжымына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.


Комментариев нет
Просмотров: 625
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.03.2018 в 00:00