Ата-аналарға ашық есік күні өтті
Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты арттыру мақсатында бүгін мектебімізде ата-аналарға ашық есік күні өтті. Ата-аналар жалпы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, топ-топқа бөлініп үйірме жұмыстарына қатысты.
Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты арттыру мақсатында бүгін мектебімізде ата-аналарға ашық есік күні өтті. Ата-аналар жалпы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, топ-топқа бөлініп үйірме жұмыстарына қатысты. Пән мұғалімдері ата-аналармен тікелей сөйлесіп, сұрақтарына жауап берді. 5-7 сыныптардың әкелері арасында волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылып, әкелер, оқушылар, мұғалімдер арасында тартысты ойын өтіп, нәтижесінде І орынды 6 сыныптардың әкелерінен құралған команда иеленсе, ІІ орынды оқушылар командасы, ІІІ орынды 5 сыныптар алды. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталып, жеңімпаздарға кубоктар берілді. Соңында үйірме жұмыстарының есеп беру концерті өтті. Мектеппен толықтай танысқан ата-аналар мектепке тек биік шыңдардан көрінуіне тілектестіктерін айтып, ризашылықтарын танытты. Ұстаздарымызға осындай жұмыстардан кейін тек шығармашылық табыстар тілейміз. Таланатты балалар өте көп, сол талантты аша білетін ұстаздар жасай берсін.

