Меню KDT

Қарттарға көмек-қоғамдық міндет


Біздің Қазан орта мектебі "Тимуровское движение" яғни, жалғызбасты қарт, ата-әжелерге  көмек көрсету, үй ауласының тазалығын, қысқы қартазалау жұмыстарына  өз септігін тигізіп қарттардың ілтипатына бөленді. Бұл жоспарға сай мектебіміздің атынан  жыл сайын өткізілетін іс-шара. Қарты бар елдің қазынасы бар –дегендей саялы бәйтерек , данагөй тұлға қарттарымыздың өмірі мен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өнеге. Əр сынып жан-жаққа бөлініп, көмек керек қарт, ата-әжелерге  қол ұштарын созудан аянған емес. Көмек беріп, аулымыздың тұрғындарынан алғыс алу біз үшін үлкен мəртебе. Бұл жолы да мектебіміздің дарынды əрі жанашыр оқушылары бұл салтымызды бұзған  жоқ. Біздің міндетіміз-үлкендерге әдеп пен сый құрмет көрсету.

Қазан орта мектебі: Табыс Аймерей 11 сынып оқушысы


  

Теги:  Помощь

Комментариев нет
Просмотров: 669
Автор: b0213skobilim
Сайт: www.b0213.sko-bilim.kz
Добавлено: 20.02.2018 в 00:00