Меню KDT

Өзін-өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы


Декаданың мақсаты: махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау; көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- оқушыларды  болашақ бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы  жарқын болашаққа құштарлығын дамыту;

- оқушылардың бойында рухани- адамгершілік құндылықтарын дамыту.

            2018 жылғы ақпанның 1-нен 12-не дейін «Шал ақын ауданы Приишимка орта мектебі» КММ  «Өзін-өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты  Республикалық декадасы өткізілді.

     1 ақпанда декаданың салтанатты ашылуы болды, сондай-ақ мектеп оқушылары  «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы әңгімеледі, ал өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы  Ибраева Бахытжан Омирзахқызы  іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

    Сонымен қатар  2-12 ақпан аралығында декада кезінде кітапханашы Малыхина Т.М. және пән мұғалімі Ибраева Б.О. жетекшілігімен Сара Алпысовнаның шығармашылық қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

         Мектепалды және 1-7 сыныптар арасында  ана, мейірімділік, достық, қайырымдылық туралы мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, оқушылар  белсенділік танытты.

    9 ақпанда 1-7 сыныптарда  «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан», «Доброта – это солнце, которое согревает душу человека», «Вечные ценности» атты  тақырыптарында  өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтары өткізілді.

 Сондай-ақ  өткізілген жұмыстың қорытындысын «Жүректен жүрекке» қабырға газетінде  мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар  өз тілектерін білдіріп, ризашылықтарын танытты.

           «Өзін-өзі тану»  Республикалық  декадасының қорытындысы бойынша   оқушылар мадақтамалармен  марапатталды.

 

                                    «Шал ақын ауданы Приишимка орта мектебі» КММ

                                           Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі  Ибраева Б.О.


Комментариев нет
Просмотров: 450
Автор: b1310skobilim
Сайт: www.b1310.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.02.2018 в 00:00