Меню KDT

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы



2018 жылдың 19 ақпанында Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітіп, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл жарлыққа сәйкес латын әліпбиіне көшу қаулы етілген күннен бастап жүзеге асырылуы тиіс. Елбасымыздың бұл жарлығы біздің білім ордамыз, Қазақ мектеп-гимназиясында да ұжыммен талқыланып, ортаға салынды.
Әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу қажетті деп танылды.
Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.


Комментариев нет
Просмотров: 381
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 19.02.2018 в 00:00