«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
02.02.2018 оқу жылында Мамлют қазақ мектеп-интрнатында "KATEV" Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздегі қазақ - түрік лицейлері және жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ және орыс топтарында оқитын 7 сыныптан бастап 11сынып оқушылары арасында "Жарқын болашақ" атты аудандық "KATEV" қазақ тілі олимпиадасы өтті. Іс-шараны мектебіміздің "Серпін" домбырашылар ансамблі ашты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Облысқа жолдама алған мектеп оқушылары:
1. Жұманазаров Асадбек - "Сөз шеберлері" номинациясында - 1-орын иеленді.
2. Нәби Асыл - "Жас ғалымдар" номинациясында 1-орын иеленді.
3. Капкен Дарья - "Жазушылар" номинациясында 3-орын иеленді.
4. Нәби Асыл - "Жазушылар" номинациясында 3-орын иеленді.
5. Тастан Айымгүл - "Әнші - бұлбұлдар" номинациясында 1-орын иеленді.
6. Саткенов Азамат - "Жас ғалымдар" номинациясында - 3-орын иеленді.
Олимпиаданың оқушыларға беретін пайдасы өте көп, берері мол. Бұл олимпиададан ерекшелігі-оқушының ізденуіне мүмкіндік береді, шығармашылығын ұштайды. Ұстаздарының еңбегі шәкіртінің озып шыққаны.
