Меню KDT

«CLIL» және «TEAM TEACHING» интерактивті әдіс-тәсілдері»

2018 жылғы 9 ақпан күні қалалық Білім басқармасының қолдауымен мамандандырылған № 81 «Astana English school» гимназия базасында «Мұғалім кәсіби шеберлігінің дамуына бағытталған «CLIL» және «TEAM TEACHING» интерактивті әдіс-тәсілдері» атты семинар-практикум өткізілді. 
Семинарға кластер («Авторизация») бойынша, 70,72,74, «Нұрорда» және «Голубой парус» мектептерінің директорлары, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі және CLIL мұғалімдері 
(химия, биология, физика) мұғалімдері шақырылды.

Семинардың мақсаты: қала мұғалімдерімен ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, пән және тілді кіріктіріп оқыту тәжірибесімен алмасу

Ашылу салтанатында №81 гимназия директоры Гульнар Дингуатовна Садыкова семинарға қатысушыларды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 
Директордың орынбасары Куаныш Такауовна Кожанова өз сөзінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту әдіснамасына, әлемдік тәжірибені трансляциялауға негізделген педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа форматы туралы баяндап өтеді. 
Семинар барысында 2 секция (ағылшын тілі және жаратылыстану), диалогтық алаңша жұмыс жасады. Екі секция жұмыстарында, диалогтық алаңшаға гимназияда жұмыс істейтін шетелдік ұстаздар (native speaker) және гимназия ұстаздары (local teacher) ашық сабақтар беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

№1 «Ағылшын тілін оқытуда тіл қолданушылармен бірлесіп оқыту» секциясында педагогтар «Team Teaching» тәсілін білім беру ортасына енгізудің жолдарын қарастырды. Гимназияда оқыту үдерісін барынша жекешелендіруге және мұғалімнің әдістемелік кәсіби құзыреттілігін дамытудың ықпалды механизмі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретінін педагогтар өз тәжірибелерінде дәлелдеді.

№ 2 «Пән және тілді кіріктіріп оқыту» секциясында жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізуде «CLIL» әдіс-тәсілдерін оқып-үйренудегі қадамдар және мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму саласындағы өзгерістер көрініс алды. 
№ 3 «Шеберлік сабақ» секциясында мұғалімдер кәсіби теориялық және практикалық материалды қолдануын ортаға салды. 
Рефлексия: директордың орынбасары Назым Дилтаевна Токебаева семинар жұмысын қорытындылай келе, «Team Teaching», «CLIL» әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену, қолдануды дамыту бойынша әдістеме жүйесін жетілдіру; практикалық қызметті зерттеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуді ұсынды. 
Семинар жұмысына қатысқан тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Комментариев нет
Просмотров: 563
Автор: 81mektep
Сайт: www.81.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.02.2018 в 00:00