Туған өлкемнің ұлы тұлғалары
17 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9 «а» - сынып жетекшісі Молдахметова К.А «Туған өлкемнің ұлы тұлғалары» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Оқушылар жерлес ұлы ақын, жазушыларымыз Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уалиханов, Ғабит Мүсрепов,Сафуан Шаймерденов, Ғалым Малдыбаев,олимпиада жүлдегері А.Винокуров сынды атақты, тарихта өз орнын мәңгі қалдырған тұлғалардың өмірлерін зерттеп, баяндама оқыды. Оқушылар Туған өлкенің ұлы перзенттері туралы білімдерін жаңғыртып, толықтырып, өз ойларын ортаға салды.



Комментариев нет
Просмотров: 282