« Мейірімді жүректен...» атты апталығы өтіп жатыр...
№80 мектеп-гимназиясында « Мейірімді жүректен...» атты 5 ақпан мен 9 ақпан аралығында өзін-өзі тану апталығы өтіп жатыр.
Апталықтың мақсаты: баланың бойына адамгершілік құндылықтарды дұрыс іс – әрекет арқылы қалыптастыру. Рухани адамгершілік білім арқылы, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
Апталық ашылуы салтанатты саз кешімен басталды
«Жүректен жүрекке» атты тілек күнінде оқушылар мен ұстаздардың белсенділігін мына жұмыстар дәлелдеп тұрғандай.

« Мейірімді жүректен...» атты апталықтың әр күні іс-шараларға толы болды. Бүгінгі күнге бастауыш сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Оқушылар ата-анасының көмегімен жасалған тамақтарын сатып, мектептегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға бір реттік көмек қолын созады.