Меню KDT

Онкүндік тақырыбы: «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»



01.02-12.02.18 аралығында өтетін «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылды.
         Онкүндіктің  мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған әлемге деген бауырмалдық, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
         Жоспар бойынша 1 ақпан күні  «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында салтанатты ашылу - концерттік  бағдарламасы І және ІІ кезеңдерде өткізілді. Жиында онкүндіктің  мақсаты, жоспары таныстырылды. Қабатқа көтерілетін сатыларда ғұлама адамдардың нақыл сөздері ілінді. «Жүректен шыққан жылы сөздер» стенд ұйымдастырылды. Стендте жүрекшелер ілініп, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар өз жүректерінен тілектер, жылы сөздерін жазды. Дәстүрлі онкүндікті оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.

Салтанатты ашылудан көрініс

 

 

 

Ғұлама адамдардың нақыл сөздері

 

«Жүректен шыққан жылы сөздер» стендінен көрініс

 

 



Комментариев нет
Просмотров: 687
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 01.02.2018 в 00:00