Болашағы жарқын жастар
«Жарқын болашақ» Х республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі ақпанның 1-ші жұлдызында аудан орталығы Сергеевка қаласының қазақ – тірек орта мектеп интернатында өткізілді.
Аталмыш сайыстың басты мақсаты- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады. Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін- өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген. Ауданымыздың біршама мектептері олимпиадаға қатысып, жүлдегерлер қатарынан танылды. Онда білімді де өнерлі ұландарымыз бен аруларымыз 5 конкурс: «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты.
Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің де оқушылары олимпиадаға қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды. Кенесова Анар ІІ орын («Сөз шеберлері»), Аюпова Данагүл ІІ орын («Тілші- әдебиетшілер»), Қаби Даяна ІІ орын («Жазушылар»), Сулейменова Дамира, Габдуллина Жансая ІІІ орын («Әнші бұлбұлдар»). Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаздарын құттықтаймыз. Осындай дарынды, талантты, қабілетті, қазақ тілінің жанашырлары барда «Қазақ тілінің болашағы жарқын» деп сеніммен айта аламыз.