Кезекті қыздар жиналысы өтті
Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда кезекті қыздар жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі сұрақтар:
- «ЖИТС – ХХІ ғасыр індеті» - СПИД орталығының маманы Мухаметова Н.И.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу - ДТІЖО Елубай Г.А.
- «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» шеберлік сыныбы - «Сыр мен сымбат» үйірмесінің мүшелері
1.Нелли Николаевна өз ісінің білікті маманы, қыздарға ЖИТС туралы толық мәлімет айтып кетті, оның таралу жолдары, бұл дертке қалай шалдықпауы туралы түсінікті тілде айтып өтті. Оқушылар арасында рөлдік ойындар ойнатып, сана сезімдеріне жақсы әсер қалдырды.

Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елубай Г.А. дәріс оқыды. Әртүрлі жағдаяттарды мысалға келтіріп, шығу жолдарын табуға оқушыларға мүмкіндік берді. Сұрақ-жауап ретінде жұмыс жүргізілді.

3.«Сыр мен сымбат» үйірмесінің мүшелері Теміржан Д., Базарбаева А.,Ережепова А., білген-үйренгендерін кәсіби бояуларды пайдаланып, шеберлік сынып арқылы көрсетті. Аз уақыт аралығында үйірме мүшелері бет күтімі, шаш күтімі жайлы, қас пен кірпікті қалай бояу керектігі жайлы, қандай косметикамен қолданған жөн екендігі туралы ақпаратпен бөлісе кетті. Сұлу да, сымбатты жүріңіздер деген тілектерін айтты.