Астана қаласы «Д.А.Қонаев атындағы колледжінде» «Қазақстанның кеңестік уақытта дамуы мен қалыптасуындағы Д.А.Қонаевтың рөлі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Астана қаласы «Д.А.Қонаев атындағы колледжде» 31.01.2018жылы Д.А.Қонаевтың туғанына 106 жыл толуына орай «Қазақстанның кеңестік уақытта дамуы мен қалыптасуындағы Д.А.Қонаевтың рөлі» атты мектеп оқушыларының арасында қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның жұмысы 2 тілде (қазақ тілі және орыс тілі) төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:
1-секция – «Бүгінгі Қазақстан»
2-секция – «Қазақстанның кеңестік уақытта дамуы мен қалыптасуындағы Д.А.Қонаевтың рөлі»
Оқушыларға кәсіби бағыт беру жұмысын жетілдіру, оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткен бұл іс-шараға №52 мектеп-гимназия оқушылары белсенді қатысты. 8«А» сынып оқушысы Халибеков Бағдадтың «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланып, ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Каражанова Б.М. екеуі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
8«Б» сынып оқушысы Тәжібай Аружан «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты баяндамасымен жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Таубай Зинагүлмен бірге белсенді қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.