Меню KDT

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қаратерек орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы өтті.


Мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгез қараудың алдын алу жөнінде жоспарланған іс- шаралар жүргізілді.

30 қараша күні мектеп психологі Искендирова Асел Қазбекқызының ұйымдастыруымен «Бала мінезіндегі агрессия мен депрессияны анықтау және алдын алу жұмыстары» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа ата-аналар белсене қатысып,бала тәрбиесіндегі агрессия жайлы ақпарат алды.

«Қатыгездіксіз балалық шақ»атты сурет көрмесі сурет пәні мұғалімі Сарсенова Алия Асылбекқызының жетекшілігімен  өтті.Көрмеге оқушылар бақытты балалық шақтың суреттерін бейнелеген.

 «Мен зорлық – зомбылыққа қарсымын»тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.Сынып жетекшілер оқушылармен бірге зорлық-зомбылықтың тудырмау жолдарын талқылады.


Комментариев нет
Просмотров: 555
Автор: b129skobilim
Сайт: www.b129.sko-bilim.kz
Добавлено: 30.11.2017 в 00:00