Меню KDT

«Отан отбасынан басталады»

Жасөспірімдер мен жастарға, ата-аналарға отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесіндегі алатын орны туралы ұсынымдар әзірлеу, жүзеге асыру мақсатында  Қаратерек орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мусекенова Б.О.  және Сарсенова А.А ұйымдастыруымен  «Отан-отбасынан басталады» атты пікірсайыс  өткізілді.


Пікірсайыс ойға шабуыл, бүгінгі менің ойым, ата – анаға тест, сүйіспеншілік сипаты атты бөлімдерден тұрды. Оқушылар белсенділік танытты.

Шараны ұйымдастырушылар  ата – ананы құрметтеу – барша адам баласы өнеге еткен қасиет. Қай ұлт, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да, алдыңнан шығатын сөз – әр адамның өз әке – шешесін қадірлеу керектігі. Халқымыздың мақал – мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата – ананың қадір – қасиеті туралы айтылған «Анаңа ауыр сөз айтпа, атаңа ауыр жүк артпа», «Ата – ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» дегендей асыл сөздерге тоқталды.Отбасындағы  тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайтынына тоқталып кетті.

                        


Комментариев нет
Просмотров: 481
Автор: b129skobilim
Сайт: www.b129.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.01.2018 в 00:00