Жемқорлықпен күрес және заңның үстемділігі жолдаудың басты бағыты
«Төртінші өнеркісіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жолдауын мектепішілік ұжымға түсіндірме жұмыстары
Тақырыбы:
Жемқорлықпен күрес және заңның үстемділігі жолдаудың басты бағыты
Сөз сөйлеуші: Қалижан А.М
Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Менің ойымша жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
Осы бағытта мектеп қабырғаларында көптеген жұмыстар істеліп жатыр.
Жемқорлыққа байланысты жуырда «Есіктен есікке» атты акцияя өтті, сол бойынша буклеттер, парақшалар тараттық
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.
Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.
Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.
Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.
революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек
Жемқорлық қазіргі замандағы өзекті тақырыптардың бірі. Жемқорлықты жеңу үшін бұл жолда әр адам, әр ата-ана, әр оқушы, әр мұғалім үлес қосуы керек!