Меню KDT

Сабақтарды тоқтату


Сабақ тоқтатылған күндері мектептердегі педагогикалық
қызметкерлердің функциясы

       Сынып жетекшісі, куратор:
      1) сабақтың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты білім алушылар мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) назарына жеткізеді;
      2) сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылардың есебін қатаң жүргізеді, білім беру ұйымының басшысына білім алушылардың саны туралы баяндайды, сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының педагогикалық және басқа қызметкерлерінің білім алушыларды үйге қайтаруына жол бермеуін бақылауды жүзеге асырады;
      3) сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етеді;
       Педагогтердің қызметі:
      1) сабақ тоқтатылған күндері педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы оқу жүктемесімен анықталады;
      2) педагогтер оқу бағдарламасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға дер кезінде түзету енгізуді жүзеге асырады;
      3) білім алушылар сабақта болмаған жағдайда педагог директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жүргізілетін жұмыс түрлерін келіседі.

 Сабақ тоқтатылған күндердегі білім алушылардың қызметі

       Білім алушы сабақ тоқтатылған күндері сабақта болмаған жағдайда, тапсырманы өздігінен, оның ішінде білім беру ұйымы орнатқан қашықтықтан оқыту режимінде орындайды.
       Сабақ тоқтатылған күндері орындаған тапсырманы педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады.

 Сабақ тоқтатылған күндері білім алушылардың ата-аналарының
(заңды өкілдерінің) қызметі

       Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
      1) сабақ тоқтатылған күндері балаларының білім беру ұйымына бармауы туралы шешімді өздігінен қабылдайды;
      2) білім беру ұйымының сабақ тоқтатылған күндердегі жұмыс кестесімен танысады.
       Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
      1) сабақ тоқтатылған күндері балаларының үй тапсырмасын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      2) сабақ тоқтатылған күндері баласының білім беру ұйымына баруы туралы шешім қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымына баруы мен қайтуы жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 


Комментариев нет
Просмотров: 573
Автор: b0628skobilim
Сайт: www.b0628.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.01.2018 в 00:00