Меню KDT

Отбасы рухани азығы

Әлжан орта мектебінде "Отбасының рухани негідері" тақырыбында іс шаралар өтті. Іс шара барысында шағын орталықта ата-аналар жиналысы, коллаж қорғау сайысы өтті.


  Әлжан орта мектебінде «Отбасының рухани негізі» тақырыбындағы іс шаралар аясында «Менің отбасым» тақырыбында  коллаж қорғау сайысы өтті. Конкурс барысында әр сынып өз отбасы туралы коллаж жасап, өздерінің отбасы туралы әңгімелей отыра отбасындағы қалыптасқан дәстүрлер туралы айтып өтті.

        5-8-сынып ата-аналарымен «Отбасы-алтын діңгек» тақырыбында  ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар өз ойларымен бөлісе отыра балаларына деген жақсы тілектерін жазды.

           Шағын орталықта  тәрбиеленушілер мен ата-аналары қатысқан «Менің үйім, менің отбасым» атты сынып сағаты өтті. Онда  ата-аналар тәрбиеленушілердің шағын орталықта болған уақытта немен айналысатынымен танысып, балаларының ортаға үйренгенін көре алды.

       7-9-сынып оқушылары арасында Тлеужанова А.К. мен Алькеева А.Т. ұйымдастыруымен «Мен және ата-ана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар сауалнамаға жауап бері, ортаға тасталынған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөлісті.

 


Комментариев нет
Просмотров: 559
Автор: b014skobilim
Сайт: www.b014.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.01.2018 в 00:00